Қостанай облысында 47 жолаушы мінген автобус жолда қалып қойды


14:20, 7 қаңтар 2026

Қостанай облысында полиция боран кезінде автобус жолаушыларына көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қолайсыз ауа райы кезінде – боран, қалың қар және екпіні күшті жел кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты облысаралық автожолдардың бірінде Астана – Екатеринбург бағытында қатынаған жолаушылар автобусы жолда тоқтап қалды. Автобус ішінде барлығы 47 жолаушы, оның ішінде 6 бала мен 4 мүгедектігі бар азамат болған.

Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды қолайсыз ауа райы кезінде жолға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият ескеруге, сақтық шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ұсыныстарын қатаң орындауға үндеді.