Қостанай облысында 100-ге жуық адам қар құрсауында қалып кеткен


09:38, 23 ақпан 2025

23 ақпанда түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» тас жолының жабық учаскесінде ТЖМ күштерімен 98 адам, оның ішінде 18 бала құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан сегіз жеңіл көлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарылды.

«Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» тас жолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне екі жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Эвакуация, Қостанай облысы, қар құрсауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 09:38

Бұған дейін еліміздің алты өңірінде кейбір жол учаскелері ішінара жабылғаны хабарланған.