18:41, 3 қараша 2025
Қостанай облысында полицейлер Шанхайдан Барселонаға жеке автокөлігімен шығып, жолда қиындыққа тап болған ҚХР азаматын жолықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, жолдағы көктайғаққа байланысты көліктің дөңгелектеріне тайғанақтаудан қорғайтын арнайы зат орнату қажет болған.
«Жолда көктайғақ кезінде полиция қызметкерлері бірден тоқтап, туриске көмек қолын созды. Шетелдік азамат полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, сапарын жалғастырды», делінген хабарламада.
Бұған дейін Таразда мас күйдегі BMW жүргізушісі полицейлерден қашпақ болғанын жазғанбыз.






Leave a Reply