Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды


18:11, 16 желтоқсан 2025

ТЖМ құтқарушылары түтін толған көпқабатты үйден 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Қостанайда 112 пультіне Қобыланды батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Оқиға орнына жеткен кезде бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында жиһаз бен тұрмыстық заттар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан баспалдақ алаңы арқылы 20 адамды эвакуациялады», — делінген хабарламада.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз!» Төтенше жағдайлар министрлігі