Қостанайда азық-түлік дүкеніндегі өрт шығып, көпқабатты үйдің ондаған тұрғыны эвакуацияланды


14:18, 16 ақпан 2025

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайдағы Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанды.

Өрт сөндірушілер 5 шаршы метр алаңды шарпыған жалынды сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.