Қостанайдағы мектептерде «қашықтан оқыту» қашан тоқтатылады


14:03, 7 желтоқсан 2025

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қостанай мектептері 2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына оралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала білім бөлімі мәлімдеді.

«ЖРВИ мен тұмау жұқтырудың азаюы және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 8 желтоқсан дүйсенбіден бастап Қостанайдағы барлық білім беру ұйымына оқыту дәстүрлі (офлайн) форматта қайта басталады», — делінген хабарламада.