8 мамырдан бастап Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техника тұрақты орналасқан жерлеріне жоспарлы түрде қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тасымалдау теміржол көлігімен де, өз жүрісімен де жүзеге асырылады.
Іс-шаралар 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады», — делінген хабарламада.






Leave a Reply