Қолайсыз ауа райының тағы бір жаңа толқыны жақындап келеді


18:25, 10 қараша 2025

Қолайсыз ауа райының тағы бір жаңа толқыны жақындап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанның кей өңірлерінде жауын-шашын көптеп түсіп, көктайғақ болатыны, боран соғатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған, 2025 жылғы 11 қарашаға, алдағы сейсенбіге арналған болжамда айтылады:

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатыны болжанады, батыста нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді».

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде екпінді жел тұрып, тұман түсетіні болжанады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.