Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады


09:03, 23 сәуір 2025

Мемлекет басшысының Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын атаулы датамен құттықтады.

«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», – делінген құттықтауда.