Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президентіне күтпеген тосын сый жасады


15:31, 31 наурыз 2025

2025 жылғы 31 наурызда Словения Президенті Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Ресми келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды қонаққа тосын сый жасады. Белгілі болғандай, Наташа Пирц-Мусар Димаш Құдайбергеннің жанкүйері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші әрі «PRESIDENT» жобасының авторы Әділ Балтабаев мән-жайды айтып, оқиға орнынан суреттерімен бөлісті.

Осылайша, шағын құрамдағы келіссөздер барысында Наташа Пирц-Мусар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екенін мойындады.

Сурет: Telegram/baltabayev

«Мемлекет басшысы қонағын қуантты: оның кумирі шынында да салтанатты қабылдауда өнер көрсететін еді. Словения президенті қуанғаны сонша, тіпті бірнеше мәрте бұл шынымен де сүйікті әншісі ме деп сұраған», – деп жазады Балтабаев.

Сурет: Telegram/baltabayev

Әрі қарай, журналистің айтуынша, қабылдау кезінде Пирц-Мусар Димаштың қолын қысып, оның концертінде болғанын айтқан. Димаш бұл туралы естігенін айтып, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты.