Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті


14:06, 14 қазан 2025

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 14 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.