Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегіне офицерлік шен берді


11:53, 4 маусым 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Шарада тарихқа үңіле отырып, қазақ сарбаздарына үндеу жасады. Сондай-ақ, жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегіне офицерлік шен берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты рәсімде жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

ҚР ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институты:

  • Рысқұлбек Мұхамедәлі Мақсатұлы
  • Жолдыбеков Әмір Даниярұлы

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:

  • Даркулов Даниял Николайұлы
  • Жездібаев Әлішер Мәлікұлы

ҚР ҰҚК Академиясы:

  • Үйсембаев Әлихан Бауыржанұлы
  • Қадырхан Айдар Мұратұлы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

  • Бекетаев Рустам Қайратұлы
  • Сағиев Ілияс Бейбітұлы

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:

  • Аманғалиева Тоғжан Жанболатқызы
  • Коваленко Захар Николаевич

ҚР Ұлттық ұлан академиясы:

  • Беделбай Диас Қайратұлы
  • Шалқарұлы Әділет

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:

  • Алдоңғаров Дінмұхаммед Мейрамбекұлы
  • Серік Санжар Жасдәуренұлы