Қарағанды облысында Қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсті


16:16, 2 қараша 2025

Қарағанды облысындағы ұлттық парк аумағында орнатылған фототұзаққа Қазақстан даласының сирек мекендеушісі — Қызыл кітапқа енгізілген арқар түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларды «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық паркінің «Белодымовский» филиалы жариялады.

«Суретте арқар табиғат аясында еркін тұрғандай, бұл жердің нағыз иесіндей көрінеді», – делінген жазбада.

Фотоматериалдарды филиалдың аң шаруашылығы маманы Т.Г. Ковальчук ұсынған.