Қарағанды облысында полиция зейнеткердің ұрланған телефонын тауып берді


11:56, 30 шілде 2025

Саран қаласы полициясының кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын телефонының ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.

Арызды қабылдаған учаскелік инспектор оқиғаның мән-жайын түсіну үшін жәбірленушіден мұқият жауап алды.

Белгілі болғандай, бір күн бұрын кешке зейнеткерге танысы досымен бірге келген. Олар кеткеннен кейін әйел гаджеттің жоғалғанын анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші үйдің 51 жастағы тұрғыны ұсталды, ол танысының дәл сол досы болып шықты.

Тергеу барысында әйел өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.