23:00, 12 қыркүйек 2025
Қарағандылық ТЖМ қызметкерлері 2025 жылғы 12 қыркүйекте жанып жатқан өрт арасынан 2 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Мәскеу көшесінде екі қабатты тұрғын үйдің 1-қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шықты.
Өрт ошағынан ТЖД бөлімшелерінің күшімен пәтер иесі құтқарылды. Сондай-ақ, баспалдақ маршымен бір адам эвакуацияланды.
«Құтқарушылардың уақытылы және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді»,- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, пәтер иесінің ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.
Бұған дейін ауыр хәлде жатқан 40 жастағы науқас тікұшақ арқылы Зайсаннан Өскеменге жеткізілгенін жазғанбыз.






Leave a Reply