16:32, 24 қаңтар 2026
Қонаев қаласында, Қапшағай су қоймасының «Көгілдір шығанақ» ауданында патрульдеу барысында ТЖМ Жедел құтқару жасағының қызметкерлері мұз жарылып, су астына түсіп кеткен ер адамды байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, балықшы судан өздігінен шыға алмаған. Құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге шығарды.
Оған медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ мұздың тұрақсыз кезеңінде оның үстіне шығу аса қауіпті екенін, мұндайда қауіпсіздік шараларын сақтап, өмірге қауіп төндірмеуді ескертеді.
Бұған дейін Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара басталғаны хабарланған.






Leave a Reply