Тележүргізуші Майя Бекбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жариялады. Онда ол сенатор Алтынбек Нухұлымен бірлесіп Президент атына жолдаған хат мәтінімен көпшілікті таныстырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар Мемлекет басшысынан ұлт қазынасы — Қаныш Сәтбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын беру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.
«Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан мен қазақ халқының осы Жеңіске қосқан үлесі туралы айта отырып, көрнекті ғалым, қазақ ғылымының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың есімін атамай кету мүмкін емес. Ол кісінің Қазақстанның дамуына ғана емес, гитлерлік Германиямен соғыста бүкіл КСРО-ны құтқаруға, оның түпкілікті жеңісіне, демек бүкіл әлемді фашизмнен құтқаруға қосқан үлесіне ешқандай баға жетпейді, деп жазады Бекбаева желіде.
Оның айтуынша, «бұл марапат пен мойындау Сәтбаевқа емес, қоғамға, жастар мен болашақ ұрпаққа қажет». Ол Сәтбаевқа атақ беру «тарихи әділеттілікті қалпына келтіру актісі» болатынын атап өтті.






Leave a Reply