Қанат Ниязбеков Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды


09:47, 15 тамыз 2025

Мемлекет басшысы өзінің 15 тамыздағы өкімімен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын жаңадан тағайындады. Бұл қызметке Қанат Ниязбеков келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды». Ақорда

Айта кетейік, президент өзінің келесі бір өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасарын жаңадан тағайындады.