11:17, 19 мамыр 2025
19 мамырға қараған түні Қалмақияның Юстин ауданында шағын автобус пен жүк көлігі апатқа ұшырап, салдарынан жеті адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
\\Қалмақ Республикасы ТЖМ баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға Мәскеу – Тамбов – Волгоград – Астрахань автомобиль жолында болды.
«Volkswagen микроавтобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жеті адам қаза тауып, зардап шеккен 11 адамға көмек көрсетілді», – делінген ақпаратта.
Сурет: Telegram/МЧС Республики Калмыкия
Апат орнына Юстин өрт сөндіру-құтқару гарнизонының күштері мен құралдары барған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға шағын автобус жүргізушісінің қалғып кетуі себеп болған.
Бұған дейін Түркістан облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырағандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply