Қайрат – Реал матчының есебі ашылды


22:14, 30 қыркүйек 2025

Алматының Орталық стадионында өтіп жатқан тарихи кездесуде “Реал Мадрид” алғашқы болып есеп ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның 25-минутында мадридтік клуб қақпаға гол соғып, алға шықты – 0:1.

Матчқа қазақстандық жанкүйерлер зор қызығушылық танытып отыр.

Орталық стадионға жиналған көрермендер өз командаларын барынша қолдап, ерекше атмосфера қалыптастырды.