Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өтті


13:25, 8 қаңтар 2026

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың үлкен қызы Сезім 18 жасын отбасының ортасында, Мальдив аралында тойлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күнді отбасы тыныш, жылы атмосферада, шусыз мереке ретінде өткізген.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

«Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды… Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды»,- деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Сезім – отбасындағы үлкен қыз. Қазір ол шетелде білім алып жүр.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

«Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын кәмелетке толған үлкен-бөпем»,- деп аяқтады актриса сөзін.

Жұлдызды жұп сағат 00:00-де Сезімге торт пен сыйлықтарын табыстағанын да көрсетті.

Бұған дейін 68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алғанын жазғанбыз.