«Қайрат» – «Ақтөбе» матчы басталды


17:26, 14 қыркүйек 2025

2025 жылғы 14 қыркүйекте сағат 17:00-де Алматыдағы Орталық стадионда басты қарсыластар — «Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларының ойыны басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кездесу Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында өтіп жатыр.

Оқиға орнында Zakon.kz тілшісі жұмыс істеп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Матчқа барлық билет сатылып кеткен. Ойын басталар алдында Орталық стадионға қос команданың жүздеген жанкүйері жиналды.

Біздің тілшіміз стадионның жанкүйерлерге толмай тұрып және толған сәтін видеоға түсірді.

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, тамыз айының соңында «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған еді.