15:56, 7 қараша 2025
«Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев депутаттық сауалға берген жауабында ауылдық елді мекендерде газет-журнал жеткізу қызметінің қымбаттауына себеп болған жайттарды айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Оның айтуынша, ауылдардағы мерзімді баспасөз басылымдарын (газет-журналдарды) жазылу арқылы тарату қызметінің шекті бағасын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
«Мемлекет тарапынан ішінара субсидияланатын зор шығындарға қарамастан, «Қазпошта» өз әлеуметтік міндетін орындап, әрбір жазылушыны газет-журналдармен қамтамасыз етіп отыр. Газеттерге жазылушылар саны мен басылымдардың шығу жиілігі азайған сайын, әр дананы өңдеу мен жеткізу құнының өзіндік бағасы өседі», – делінген жауапта.
Сондай-ақ, Бекежан Жәкеев компания шығындарының едәуір артқанын атап өтті.
«Соған қарамастан, «Қазпошта» ұзақ уақыт бойы бұрынғы тарифтерді ұстап тұрды. Бұл – редакциялардың қаржылық жүктемесін азайтып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мақсатында жасалды», – деді «Қазпоштаның» басшысы.
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр және боран күтілетіндігін жазғанбыз.






Leave a Reply