Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен кездесті.
Кездесу 10:7 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.
Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына бірінші орынмен шыққанын хабарлаған едік.






Leave a Reply