19:42, 11 қараша 2025
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер құрамасы үшінші орынға ие болды.
Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова 50 метрге үш қалыптан ату бағдарламасында үшінші нәтиже көрсетті.
Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырса, күміс жүлдені Швейцария еншіледі.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.






Leave a Reply