17:07, 13 қаңтар 2026
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі — алтын жүлде.
Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақтағы Бағдат Сабаз және 72 келідегі Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.
Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.






Leave a Reply