Қазақстан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын ірі жеңіспен бастады


17:06, 20 қаңтар 2026

Қазақстан қыздар құрамасы шайбалы хоккейден Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан IIA дивизионындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы ойында ұлттық құрама Жаңа Зеландияны 13:2 есебімен ойсырата жеңді.

20 қаңтарда қазақстандық хоккейшілер Латвия құрамасына қарсы кездесу өткізеді.