17:04, 31 наурыз 2026
Анталья (Түркия) қаласында осы күндері таеквондодан ірі халықаралық Turkiye Open-2026 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль еншіледі.
46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева күміс жүлдеге ие болып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Ал Нодира Ахмедова (53 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Жарыстың соңғы күнінде ерлер арасындағы бәсекелер өтеді.






Leave a Reply