Қазақстан президенті Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды


18:53, 9 қыркүйек 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылы 9 қыркүйекте хабарлады:

«Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді».