Бүгін, 2026 жылғы 9 сәуірде, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецке құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың Telegram-каналынан белгілі болды:
«Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады. Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді».
Еске салайық, бұрын хабарланғандай, Надежда Рябец Қазақстанға 2026 жылғы Азия чемпионатының алғашқы «алтын» медалін алып келсе, кейін екінші «алтынды» Дина Исламбекова жеңіп алды.






Leave a Reply