Қазақстан президентінің бортымен Ресей аспанында Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты


15:28, 11 қараша 2025

2025 жылдың 11 қарашасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің №1 бортын ресейлік истребительдер сүйемелдеген сәттердің кадрларын жариялады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты