Қазақстан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады


13:33, 27 тамыз 2025

Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 тамызда Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алу үшін Францияға қарсы кездесу өткізді.

Өкінішке қарай, 1/8 финалда жеңіске жете алмады. Қарсылас команда 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, отандастарымыз әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырып, 9-16 орындар үшін бақ сынайды.