Қазақстан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер эстафетасында бақ сынайды


18:24, 15 қаңтар 2026

Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қаңтарда турнир аясында ерлер арасында 4×7,5 шақырымдық эстафета жарысы өтеді.

Қазақстан құрамасы сапында Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Александр Мухин бақ сынайды.

Жарыс Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Айта кетейік, бұған дейін өткен әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы 18-орынға тұрақтады.