16:19, 29 сәуір 2026
«Қазгидромет» мамандары 30 сәуір мен 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі.
Астана
30 сәуірде жауын-шашынсыз, күн құбылмалы болады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +25…+27°C.
1 мамырда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.
2 мамырда жауын-шашынсыз, күн салқындайды. Түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.
Алматы
30 сәуірде жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C болады.
1 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
2 мамырда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Шымкент
30 сәуір мен 1 мамырда жауын-шашынсыз, аптап ыстық сақталады. Түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.
2 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +19…+21°C болады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.






Leave a Reply