12:23, 30 желтоқсан 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттың сұрағына жауап бере отырып, елдің бірнеше өңірінде визит-орталықтар салу жоспарлары туралы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта 15 өңірде 29 визит-орталық жұмыс істеп тұр.
«2026 жылы Абай және Маңғыстау облыстарында тағы екі визит-орталық салу жоспарланған. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Көксай» демалыс аймағында «Тары» визит-орталығы салынып жатыр. Сондай-ақ Павлодар облысы, Баянауыл ауылында визит-орталық құрылыс жұмыстары жүргізілуде», – делінген жауапта.
Сонымен қатар Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында визит-орталықтар салу мәселесі қарастырылуда.
Визит-орталықтар көлік логистикасы бойынша – қоғамдық көлік маршруты мен трансферлерді ұйымдастыру, мәдени және көпшілік іс-шараларды өткізу, сондай-ақ қонақүйлер, хостелдер және пәтерлерді жалға беру мәселелері бойынша тегін кеңес береді.
Еске салсақ, кеше Мәжіліс елде визит-орталықтарды құруды ынталандыруға арналған заңды қабылдады.






Leave a Reply