Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында ауа райының өзгеретіні туралы хабарлады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 9–11 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады, деп жазады Zakon.kz.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
«Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі», – делінген «Қазгидромет» баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ ел аумағында желдің күшеюі болжануда.
Ал шығыста мен орталықта – тұман, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болуы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 8 қазанда Астана мен 12 облыста дауыл туралы ескерту жариялаған болатын.






Leave a Reply