19:53, 7 наурыз 2025
Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Абай облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768-шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қ.);
- «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75-шақырым аралығы (Таскескен а. – Үржар а.).
Жетісу облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768-шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ертең, 8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болатынын болжаған еді.






Leave a Reply