16:19, 24 мамыр 2025
Қазақстанның солтүстігіндегі Жамбыл және Шағырсай ауылдарының тұрғындары алкогольді тұтынудан және сатудан толықтай бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Екі ауылдағы жиындарда барлық қатысушылар салауатты өмір салтына көшу туралы бастаманы бірауыздан қолдады», — делінген ведомство жариялаған хабарламада.
Жергілікті дүкендер өз кезегінде ауыл тұрғындарының шешіміне жауап берді — кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін ассортименттен өз еркімен алып тастап, оны әкелуді тоқтатты.






Leave a Reply