14:05, 6 қаңтар 2026
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қаңтарда Үкімет отырысында Қазақстандағы IT-нарықтың табыстары туралы мәлімдеді, деп хабалайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, соңғы жылдары IT-нарық табысының айтарлықтай өсуі байқалып отыр.
«Өткен жылы IT-нарықтың жалпы көлемі 2 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ IT-қызметтер экспорты да жоғары қарқынмен дамып келеді. Күтілім бойынша, оның көлемі 1 млрд АҚШ долларына жетеді», – деді Жаслан Мәдиев.
Министр мемлекет басшысы бұл көрсеткішке 2026 жылы-ақ қол жеткізу жөнінде нақты міндет қойғанын еске салды.
«IT саласы – елдегі ең жоғары жалақы төленетін салалардың бірі. Ресми статистикаға сәйкес, IT-мамандардың орташа жалақысы ел бойынша орташа еңбекақы деңгейінен екі есе жоғары», – деп толықтырды вице-премьер.
Бұған дейін SIM-карталарды сату ережелеріндегі өзгерістер туралы жазғанбыз.






Leave a Reply