10:35, 14 сәуір 2025
Құрамында қазақстандық Владислав Васильев ойнайтын «Динамо Брест» командасы футболдан Беларусь чемпионатының 4-ші турында «Сморгонь» құрамасымен кездесіп, жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz ақпараты бойынша, Брестте өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.
Жеңімпаздар қатарында Артем Быков (43-ші минут) және Иван Зенков (74-ші минут) көзге түсті.
«Динамо» құрамасының жартылай қорғаушысы, қазақстандық Владислав Васильев бастапқы құрамда шығып, алаңда 90 минут өнер көрсетті.
Осылайша, 4-ші турдан кейін «Динамо Брест» бес ұпаймен Беларусь чемпионатының турнир кестесінде сегізінші орынға ие болды.
Бұған дейін футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізетіндігі хабарланған болатын.






Leave a Reply