Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты


14:00, 17 тамыз 2025

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-тың Сумтер қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда ол жапондық Шинтаро Мочизукиді (ATP рейтингінде – 120) 4:6, 6:1, 6:1 есебімен жеңді.

Финалда Шевченко турнирдің үшінші нөмірлі спортшысы, италиялық Маттиа Белуччимен (ATP – 74) кездеседі.

Айта кетейік, Шевченко бұған дейін жекелей сында үш мәрте «Челленджерде» топ жарған. 2023 жылы ол Мадридте (75) және Тенерифеде (100) жеңіске жетсе, 2022 жылы Братиславада (90) чемпион атанған.