20:20, 22 қаңтар 2026
Тау шаңғы спортынан Милан-2026 Олимпиадасының жолдама иегері Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса елді мекенінде өткен халықаралық жарыста чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз слалом жарысында үздік нәтиже көрсетті.
Жүлдегерлер тізімі:
1. Александра Скороходова (Қазақстан) – 1:39.67;
2. Гаритано Итурбе (Испания) – 1:40.52;
3. Емма Гуггенхеймер (АҚШ) – 1:40.97.
Жарыста 15 елден 30 спортшы жүлдеге таласты.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алғанын жазған едік.






Leave a Reply