Қазақстандық спортшы Италиядағы жасөспірімдер турнирінде алтын жеңіп алды


09:22, 15 қаңтар 2026

Тау шаңғысы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы алып слалом сайысында алтын медаль иеленді.

Екінші орынды Канада өкілі Симона Сент-Пьер, ал үшінші орынды АҚШ спортшысы Ноэль Рот жеңіп алды.

Бұған дейін Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы жаппай жарыс түрінде өткен болатын.