Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті


17:28, 11 наурыз 2025

Италияның Падуя қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлдеге іліге алмады. Жекелей сында Артем Саркисян 91-орынға ие болды. Бақдәулет Құралбекұлы 95-орынмен жарысты аяқтаса, Назарбай Саттархан 109-шы, ал Жанат Нәбиев 176-шы нәтижені көрсетті.

Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Әлем кубогының кезеңін 18-орынмен аяқтады.