Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады


14:44, 22 желтоқсан 2025

Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Бүгін, 2025 жылғы 22 желтоқсанда, Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Қазақстандағы мектеп оқушыларының қысқы каникулының қашан басталып, қашан аяқталатынын мәлімдеді.

Ведомство дерегіне сәйкес:

«Қазақстан мектептеріндегі каникул 10 күнтізбелік күнге созылады – 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда)».

Мамандар балаларға бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге кеңес береді.

Атап айтқанда:

  • кітап оқу;
  • танымдық экскурсияларға, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға бару;
  • спорттық ойындарға қатысу, коньки мен шаңғы тебу;
  • қайырымдылық акцияларына және басқа да іс-шараларға қатысу.

Айта кетейік, бұған дейін, күз мезгілінде, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) жазғы демалыс кезінде қанша оқушы жұмысқа орналасқанын хабарлаған болатын.