Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады


13:46, 20 қазан 2025

Бүгін, 20 қазанда, Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың күзгі демалыс күндерінің ұзақтығын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан өз мәресіне жетіп келеді.

«Күзгі каникул 7 күнге созылады — 27 қазаннан бастап 2 қарашаға дейін (қоса алғанда)», — делінген Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Министрлік мәлім еткеніндей, оқушылардың демалысын тиімді әрі қауіпсіз өткізу, сондай-ақ олардың тұлғалық дамуын қолдау мақсатында «Адал азамат» атты бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Бағдарлама аясында келесі бағыттар қамтылады:

  • «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша «Кітап оқимыз демалыста» атты шара;
  • Қауіпсіздік сабақтары: «Буллингтен қорған» тренингі;
  • Мектеп театрларының жұмысы.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең маңызды мәселе болып қала береді. Осы мақсатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ата-аналармен бірлесіп қауіпсіздік ережелерін сақтау, көшеде және үйде қауіпсіз мінез-құлық, өрт және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару ұсынылады», — делінген министрлік хабарламасында.

Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шараларды оқу ұйымдарына әдістемелік нұсқаулық ретінде жолдағанын атап өтті.

Еске салсақ, 2025 жылдың 28 шілдесінде Қазақстан мектептеріндегі оқу және демалыс кезеңдерінің мерзімі бекітілген болатын.