Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды


Бокстан Нидерландтың Эйндховен қаласында Eindhoven Cup халықаралық турнирі өтті.Ұлттық құрама аталған турнирде 5 алтын, 3 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды.

Алтын:

50 келі — Даниял Сәбит

70 келі — Абылайхан Жүсіпов

80 келі — Ерасыл Жақпеков

85 келі — Дәулет Төлемісов

+90 келі — Нұрлан Сапарбай

Қола:

65 келі — Ертуған Зейнуллинов

75 келі — Сабыржан Аққалықов

90 келі — Сағындық Тоғамбай