09:05, 19 сәуір 2026
2026 жылдың 20–26 сәуірі аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы World Boxing ұйымының ресми сайтынан белгілі болды.
Еліміздің атынан ерлер құрамасынан 9 боксшы және әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Ресми жеребе тастау рәсімі 2026 жылғы 19 сәуір, жексенбі күні Бразилия уақытымен сағат 18:30-да өтеді. Ойындар 20 сәуір, дүйсенбі күні басталып, «Рафаин Палас» қонақ үйі мен конференция орталығында өтеді.
Өткен жылғы жарыстың жеңімпазы – Өзбекстан.






Leave a Reply