Қазақстандық күш иесі Сергей Цырюльников Италияның Милан қаласында өткен Guinness World Records өкілдері тіркеген жарыста қатарынан үш әлемдік рекордты жаңартты.
«Бұл жай ғана физикалық күш емес. Бұл ата-бабадан дарыған рух күші, халқымыздың ұлттық жігерінің символы» — деп атап өтті спортшы.
Сергей Цырюльников небәрі 57 секунд ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүгіп, бір минутта тыныс күшімен 9 резеңке жылытқышты жарып, тағы бір минутта шойын табаға 19 шегені жалаң қолмен қағып, рекорд орнатты.
Барлық жетістіктер Италияда өткен Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.





Leave a Reply