қазақстандықтар «Төрт тұғыр турнесінде» қалай өнер көрсетті


22:42, 8 қаңтар 2026

Еуропада шаңғымен тұғырдан секіруден көпкүндік «Төрт тұғыр турнесі» аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылар беделді турнир бағдарламасына енген Әлем кубогының төрт кезеңінде бақ сынады. Жарыстар Германия мен Австрияда өтті.

Жалпы қорытынды есепте қазақстандықтар Илья Мизерных 32-ші, Данил Васильев 46-шы орынды иеленді.

Словениялық Домен Превц алтын жүлде жеңіп алды. Күміс медаль Австрия өкілі Ян Херльге бұйырды. Үздік үштікті тағы бір австриялық спортшы Штефан Эмбахер түйіндеді.